Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түсіп кеткен смартфонының артынан унитазға сүңгіген жас жігіт нәжістің арасына тіреліп қалды

KAZAKBOL.COM

Унитаздан шыға алмай қалған жігіт. Фото: blik.net.ua

Норвегияда түсіп кеткен смартфонының артынан унитазға сүңгіген жас жігіт нәжістің арасына тіреліп қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.

20 жастағы Като Бернстен Ларсен досы абайсызда унитазға түсіріп алған смартфонын ол жерден алып шықпақ болған.

Қоғамдық әжетхана канализацияға жалғанбаған. Ал унитаздың ішінде нәжіске толы құты болатын. Бірнеше ай бойы адамның барлық лас қалдықтарын жинап тұрған унитазға ойланбастан сүңгіген жігіт, ішіне сыйып кеткенімен қайта шыға алмай қалған.

Нәжіске толы унитазда бір сағат бойы қамалған жігітті ол жерден алып шығу үшін құтқарушылар бірталай тер төккен.

«Бұл менің өмірімдегі ең қорқынышты күн. Унитаздың ішіндегі нәжіс арасында бірдеңе жыбырлап жүрді. Ол мені, тіпті шағып жатқандай көрінді», — дейді жігіт.

Құтқарушылар адам сыйып кете алатын унитазды жауып тастады. Қолдарын жарақаттаған Ларсен емханаға жеткізіліп, бактерияларға қарсы екпе алды. Ал смартфонды табу сол күйі мүмкін болмады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM