Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәтішев өліміне қатысты сотта ҰҚК экс-басшысы жауап берді

KAZAKBOL.COM

Таразда Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы банкир Ержан Тәтішевтің өлімі бойынша сот процесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтан жауап алынды.

Дүтбаев оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовті 2002 жылдан бері білетінін, «дос ретінде араласқанын», «оның сұрауы бойынша ҰҚК Ержан Тәтішевтің телефонын тыңдағанын» айтты. Оның сөзінше, «Әблязов пен Тәтішев арасында мүлікті бөлісуге қатысты келіспеушілік болған.

Нартай Дүтбаев 2017 жылы «мемлекеттік құпияны жариялау» ісі бойынша жеті жылға сотталған. Ал 2018 жылы 1 ақпан күні Әскери сот Ақмола гарнизонының әскери соты Нартай Дүтбаевты «қаржы жымқыру және жылыстату» айыбы бойынша 12 жылға соттағанын хабарлаған. Дүтбаевқа шығарылған екі жаза жартылай біріктіріліп, соңғы шешім ретінде 12 жыл кесілген.

Ержан Тәтішев 2004 жылы аңшылықта жүргенде оқ тиіп өлген. Сол кезде мұны сот «жазатайым оқиға» деп танып, банкирдің жанында бірге болған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді бір жылға соттаған. Бірақ 2017 жылы іс қайта қаралып, Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті «ТұранӘлем» банкін иеленуді көздеген «Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен өлтірдім» деген. Сот оны 2018 жылы он жарым жылға соттады.

Қазақстан бас прокуратурасы 4 сәуірде Мұхтар Әблязовтің үстінен «банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

Мұхтар Әблязов 2009 жылдан бері шетелде тұрады, өзіне қатысты барлық айыптаулардың саяси себебі бар деп санайды. Қазақстан соты Әблязовті «қылмыстық топ құрды» және «ақша жымқырды» деп, 2017 жылы сырттай 20 жылға соттаған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM