Тұңғышбай Жаманқұловтың əйелі. Фото: ikerim.kz
Актердің жары Дәрия Жүсіп Астанаға келген кезінде алғашқы эксклюзивті сұқбатын берді.
– Бір сұқбатыңызда «Жүз жылдық махаббат» қойылымында ойнағаннан кейін «кейіпкерімнен төзімділікті үйрендім» депсіз. Қазіргі таңда отбасыңызда орын алып жатқан оқиғаға тоқталмай кете алмаймыз…
– Иә, кейіпкерімнің тағдыры өз өмірімде қайталанып жатқандай… Өздеріңіз білесіздер, Тұңғышбай Қадырұлы – Дулат ағаның Мағжан туралы айтқанындай – ешкімге ұқсамайтын адам… Бүгінгі таңда біздің басымыздан өтіп жатқан оқиға маған төзімділікті, сабырлылықты үйретіп жатыр. Бірақ менде сенім бар! Мен шындықтың түбі ашылатынына және шындықтың салтанат құратынына сенемін.
Жарымның ары таза. Оны мен ғана емес, бүкіл халық біліп отыр. Сондықтан қазір халықтың тілеуімен ғана отырмыз деуге болады. «86-ның желтоқсанында алаңға шыққанда басыма шоқпар тигенімен, арыма дақ тимеген еді, мұншалықты қудалау, қиянат көрмеген едім…» деп күйіп отыр… Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай көп кештерге, мерекелерге дайындық болып жатыр ғой, сол мерейтойлардың бел ортасында отырады деп сенемін.
— С ол оқиғадан кейін сізге журналистер хабарласа бастады. Оларға бақылауда екеніңізді айтыпсыз…
– Иә, журналистер де, тамыр-таныс, дос-жарандар да, қарапайым халық та күнде хабарласады – маған да, көкеме де. Алғашқы кезде біз сұхбат беретіндей жағдайда болған жоқпыз. Оның үстіне жақсылықтан үмітіміз басым еді. Ал күн өткен сайын бәрі күрделеніп жатқан сияқты. Қазір көкенің денсаулығы күрт төмендеді, ауруханада жатыр…
Баспасөз мәслихатын беруге кеңес айтып жатқан жанашырлар да бар… Оған әзірше көкем қарсы, жағдайды одан сайын ушықтырып аламыз ба деген қорқыныш та жоқ емес… Оның үстіне, денсаулығы болмай тұр, аздап өз-өзіне келсе, баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге сұхбат беруге келісіп отыр.
– Біршама жыл бірге ғұмыр кешіп келе келесіздер ғой. Сізден артық ешкім білмес. Жарыңыз қандай адам?
– Өте сенгіш. Қандай мықты болса да, сеніп қалатыны бар. Ақылдылығы, парасаттылығы, жауапкершілігі жөнінде мен айтпасам да, жұрттың бәрі біледі… Ең күйетінің – келісімшарттардан бастап, барлық құжаттар, барлық есеп-қисап заңгерлердің, есепшілердің қатысуымен жүзеге асқан. Келісімшартта да, ешқандай құжатта ол кісінің қолы жоқ.
Келісімшартты жасайтын арнайы адамдар бар, қаражаттарды да солар жұмсайды, солардың жіберген кемшіліктерінен, қателіктерінен туған мәселе. Көкем тек идеяның авторы. Солай бола тұра, жала жауып, мойнына іліп жатыр.
Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі, халық «желдің қай жақтан соққанын» білмей отырған жоқ…
Мақаланың жалғасын ikerim.kz сайтынан оқыңыз
KAZAKBOL.COM