Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжік мигранты баланы ротвейлер итінен құтқарып қалды (видео)

KAZAKBOL.COM

Соңғы бес жылдан бері Мәскеу түбіндегі Истра қаласында құрылыста жұмыс істейтін 41 жастағы Тәжікстан тумасы Дилшод Тохиров 22 тамызда кешкісін үйіне қайтып бара жатып, шыңғырған жас баланың дауысын естиді. Екі қызға алып ит тап беріп жатыр екен.

Дилшод және жанындағы жерлестері бірден қолдарына тиген күректі алып, балаларды құтқаруға жүгіреді. Үлкен ротвейлер тұқымдас ит 11 жастағы Настяның мойнын тістеп алып, жібермей тұр екен.

«Ит қыздың мойнын тістеп алып, жерге сүйрелеп жатқанын көрдік. Егер 2-3 минөт кешіксек, бәрі кеш болуы мүмкін еді. Біз күрекпен итті бірнеше рет ұрып, қуып жіберіп, қызға бірден алғашқы жәрдем көрсеттік», — дейді Дилшод.

Мигрант-құрылысшылар қолдарынан келгенін жасапты: бірінші қанды тоқтатуға тырысқан, екіншісі – қыздың мойнын бинтпен таңған, үшіншісі – қыздың пульсын тексерген. Дилшод Настяның әжесін шақырған – бір-екі жыл бұрын Настяның үйінің есігін жөндеп берген екен. Мигранттар жедел-жәрдем шақырған.

​«Біздің Дилшодқа алғысымыз шексіз. Егер ол болмаса… Операция үш сағатқа созылған. Анестезиолог шығып, бүгін Настяның екінші туған күні деді. Иттің өткір тістері күретамырын кесуге сәл-ақ қалыпты. Кейін немерем көзін ашып, оянғанда «Әже, мені періштелер құтқарды ма?» деп сұрады. Орталық Азия тұрғындары ата-ана мен балаларды құрметтейді. Дилшод ешбір ойланбастан, көмекке ұмтылды», — дейді Ольга Александровна.

Дилшод Тохировтің өзі алты баланың әкесі, отбасы Тәжікстанда тұрады. Қазір ол полицияға тергеу ісіне көмектесіп жатыр. Аталған оқиға бойынша, қылмыстық іс қозғалған, иттің иесі жауапқа тартылуы мүмкін.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM