Тәжікстан мен Өзбекстанның қорғаныс министрліктері терроризммен күрес оқу-жаттығуларының қорытындысын шығарады. Екі елдің бірлескен «Мызғымас бауырластық» оқу-жаттығулары Тәжікстанның Соғды облысындағы «Чорухдайрон» полигонында 18 қыркүйекте басталған.
Өзбекстан қорғаныс министрі Абдусалом Азизов пен оның тәжік әріптесі Шерали Мирзо 21 қыркүйекте полигонға барды, деп хабарлады Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығуларға Өзбекстаннан 100 жауынгер мен офицер қатысып жатыр. Ол полигонға өз техникасымен 17 қыркүйекте келген. Тәжікстаннан Соғды гарнизонының 500 жауынгері қатысқан. Жаттығулардың алғашқы күні ұшқышсыз ұшу аппараттары, тікұшақтар, минометтер мен бронды техникалар сыналды.
Көрші мемлекеттер соңғы екі айда Соғды облысында осымен екінші бірлескен оқу-жаттығуларын өткізіп отыр. Алғашқысы биыл 17 тамызда өткен.
KAZAKBOL.COM