Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ақтөбеде пара алған мектеп директорының қолына кісен салынғанда әріптестері жылап жіберді (фото)


Ақтөбе қаласындағы №24 мектепте жарты жыл ғана директор болған Айдархан Әзімбаевтың қолына кісен салынды. Асхана меңгерушісінен жұмысын жалғастыру үшін 300 мың теңге пара алған директор  үш жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Бір күнде абыройынан айрылып, масқара болған директорға қатысты сот үкімі филармония залында білім беру мекемелері басшыларының алдында өтті. №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Гүлнәр Тілепова директордың қызметкерлерін қалай бопсалап, қалай ақша сұрағанын айтып берді.

Оқиға 10 қаңтар күні директордың бас есепшісінен асханаға айына қанша ақша түсетінін сұраудан басталады. Оған асхана қызметкерлерін таратып, оны басқаларға беру туралы ойын айтқан. Кәсіпкердің ыстық тамақтан оңай пайда көріп отырғанын, 700 балаға 50 теңгеден бәліш сатқанда 800 мың теңгедей табыс кіретінін есептеп қояды. Және одан дәмелі болады.

«Директор қызмет бөлмесін жеке мүддесі үшін пайдаланып, есепші арқылы асхана меңгерушісінен 150 мың теңге пара алуды талап еткен. Ақша төленген жағдайда аспазшылардың қызметінде қалуына уәде еткен. Ақшаны таба алмаған асхана қызметкері 17 қаңтар күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросына арыз жазған. Осы кезде мектеп директоры есепші арқылы тағы 150 мың теңге сұратқан. Оның біріншісі күз айлары үшін, екіншісі, қаңтардан кейінгі жұмысқа деп түсіндірген», — дейді судья Гүлнәр Тілепова.

Жемқорлықпен күрес агенттігінің қызметкерлері асхана меңгерушісінің қолына ақша беріп, мектеп директорына оны есепші арқылы санап беру керектігін түсіндірген. Кәсіпкер тапсырманы тиянақты орындап, мектеп директорын да, есепшісін де қолға түсірді. Директор пара алу үстінде ұсталды. Сот төрағасына мектеп директоры бар кінәсін мойындайтынын айтты.

Ақтөбедегі №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының бұрыңғы директоры Айдархан Әзімбаевтың пара алғаны толық дәлелденіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық кодекстің 366 бабы бойынша кәнілі деп танылған ол жазасын жалпы режимдегі абақтыда өтейді. Алдағы уақытта басшылық қызметке отыру құқынан айырылған мектеп директорының дүние-мүлкі де тәркіленеді. Зейнеткер ата-анасы мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары барын айтқан директор соттан қатаң жазаламауды сұраған.

Ал мектепте 18 жыл есепші болып жасаған қызметкер делдалдық әрекет жасағаны үшін 3 миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Айыппұлды бір айдың ішінде төлеуге тиіс. Ол алдағы уақытта есепшілік қызметті атқара алмайды.

Ақтөбедегі беделді мектепте жарты жыл директорлық қызметте болған Айдархан Әзімбаев сот залынан қамауға алынды.

Директор қолына кісен салынғанда туыстары мен қолдауға барған мектеп мұғалімдері жылап жіберді. Құшақтап жұбату айтқан әріптестері жас директордың пара алды дегеніне сене алар емес.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM