Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ұлытаудағы өрттен 39 қожалық жайылымсыз қалды

KAZAKBOL.COM

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында болған өрттің шығыны есептелді. Бұның алдында бір адам қаза тапқаны хабарланған.

Дала өртінің салдарынан шаруалар бес мың гектар жер күйікке айналды, жүздеген мал өлді.

Ресми мәлімет бойынша, 39 қожалық жайылымнан айрылған. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров жергілікті шаруалармен кездесіп, оларды қолдауға уәде берді. Шаруалар мемлекет меншігіндегі жерді бір жылға тегін алуы мүмкін. Бір шаруа 318 бас малынан айрылған. Билік өкілдері оған нарықтағы бағаға сай өтемақы төленетінін айтты.

Ұлытау ауданындағы өрт сөндірілгені хабарланды.

Еске салайық, билік аудандағы үш ауылдық округте өртке байланысты төтенше жағдай жариялады. Өрт сөндіруге жүздеген адам тартылды. Оған жергілікті тұрғындар да көмектесті.

4 шілдеде жергілікті тұрғындар өртенген автокөлік ішінен 23 жастағы ауыл тұрғынының күйген денесін тапқан. Ол Қоскөл аулынан шамамен қырық шақырым жерде өрт құрсауында қалған болуы керек.

Билік өкілдері марқұмның өрт сөндірушілер қатарында болмағанын айтқан, алайда әлеуметтік желі қолданушылары жас жігіт қыстақтағы өртті сөндіруге көмектесуге өз еркімен барған деп жазды.

Қарағанды облысында өрттің жайылуына жол берген шенеуніктерді жазалау туралы талаптар айтылды. Дегенмен әкімдіктегілер билік табиғат апаты туралы ақпаратты жасырды дегенді жоққа шығарып, қоғам сынын «тұрғындар пікірі» деп сипаттаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM