Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан президенті өзінің ұлын парламент депутаты етіп сайлады

KAZAKBOL.COM

Рустами Эмомали

Тәжікстан президентінің үлкен ұлы, Душанбе әкімінің міндетін атқарушы Рустами Эмомали астана атынан мәжіліс депутаттығына сайлауда жеңіске жетті.

Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

Душанбе қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Абдулло Холиков 3 сәуірде №25 сайлау округі бойынша өткен сайлауда Рустами Эмомали 84,8 пайызбен жеңіске жетті деп мәлімдеді.

Оның қарсыластары Демократиялық партия атынан түскен Хикматулло Саидиён 2,63 пайыз, Аграрлық партия атынан түскен Фазлиддин Икромов 7,81 пайыз дауыс жинаған.

№25 және №62 сайлау округы бойынша аралық сайлау Душанбе қаласында 2 сәуірде өткен.

Рустами Эмомали 12 қаңтарда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жарлығымен Душанбе қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалған. Ол бұл қызметте 19 жыл бойында отырған Махмадсаид Убайдуллоевты ауыстырды.

Рустами Эмомали жеңіске жеткеннен кейін Тәжікстан президенті оны толыққанды Душанбе мэрі етіп тағайындау жөнінде жарлық шығарады. Қазір ол Душанбе қаласы төрағасының міндетін атқарушы ғана.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM