KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Әбдірахмон Джоми ауданы прокуратурасының тергеушілері үш жастағы баланың өлімін зерттеп жатыр. Кісі өлтірді деген күдікпен оның әжесі — 58 жастағы Ходжара Ашурова ұсталды.

Алдын ала тергеу барысында абақтыда отырған әйел жасаған қылмысын мойындаған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Үш жастағы Бехрузжонның әкесі Гүлмұрод Ашуровтың айтуынша, қайғылы оқиға 12 қыркүйекте болған. «Бұл кезде мен Ресейде жұмыс істеп жүргенмін. Анам хабарласып, Бехрузжон суға батып кетті деді. Ол кезде мен оның алдап отырғанын білмедім. Елге келіп, баланы бірнеше күн іздедік. Денесін 18 қыркүйекте үйден алыс емес жерден таптық… Мен тергеу абақтысына бардым, бірақ анаммен сөйлесе алмадым», — деді Гүлмұрод Ашуров.

Тергеу тобының мәліметі бойынша, әже немересін тірідей көміп тастаған. «Ходжара Ашурова немересін тірідей көміп тастағанын көрсетті. Біз жантүршігерлік жағдайға куә болдық. Баланы әбден қинаған. Бір қолы жоқ. Аяқтары әржерде жатты. Қарны жарылған», — деді ауыл басшысы.

Аяусыздықпен кісі өлтіру себебі әзірге белгісіз. Бірақ Ашурованың туыстарының айтуынша, әжесі келінімен үнемі жанжалдасатын болған.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя