Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстандық әйел ұлының денесіне «ине тыққан» деген айыпты жоққа шығарды (видео)

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда денесінен 10 ине табылған баланың анасы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. 23 шілдеде Мухайе Каримова тағылған айыптарды қысымнан мойындай салғанын мәлімдеді.

«Олар мені қорқытып мойындатты. Оны «күйеуі үшін жасапты» дегендері — өтірік. Өз перзентімнің денесіне қалай ине сұғам? Біз ол баланы алты жыл күтіп едік», деп мәлімдеді тоғыз айлық Мудассирдің анасы Мухайе Каримова. , мать девятимесячного Мудассира Каримова.

Тәжікстан ішкі істер министрлігіндегілер 7 шілдеде «анасының денесіне он ине тығу арқылы ол Ресейдегі күйеуін қайтарғысы келген» деп мәлімдеген.

«Ол бар болғаны бірнеше ай ғана шетелге шығады. Ол Ресейден үйге күнде телефон соғады», — дейді әйел.

Каримова өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мойындады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Мудассирдің анасы баласының денесінде инелер қайдан жүргінін білмейді.

Дегенмен Рудаки ауданының прокуроры Мұхаммадвали Шахидуллозода тергеу кезінде қысым жасалған дегенді жоққа шығарып отыр. «Ешкім оған қысым жасамады, кінәсін өзі мойындады. Мен тергеуге қатыстым», — деді аудандық прокурор.

Еске салайық, маусым айының басында Ұлттық медициналық орталыққа денесінде он ине бар бала түсті. Дәрігерлер ол инелерді бала өз еркімен жұтып қоюы мүмкін емес деп отыр. Хирургтар науқастың денесіндегі инелердің алтауын ғана алып шықты, қалған төртеуі әлі оның денесінде жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM