Тәжікстан елінің Худжанд қаласындағы көшелердің біріне «Шымкент» атауы берілді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Тәжікстандағы Шымкент көшесі
«Шымкент – барлық жерде Шымкент». Енді көршілес жатқан Тәжікстанда Шымкент атауы танымал бола түспек. Себебі Худжандтағы ірі көше «Шымкент» деп аталды.
Худжанд – Соғды облысының орталығы. Тәжікстанның солтүстік аумағында орналасқан Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі. Халық саны – 176 мыңға жуық.
2003 жылдан бері Шымкент пен Худжанд қалалары арасында байланыс нығая түсіп, бауырлас шаһарлар атанған.
Тәжікстандағы Шымкент көшесінің ашылуы
Тәжікстан өкілдері «Шымкент» көшесін өздерінің егемендігіне 25 жыл толуымен байланыстырып отыр. Көшенің атау беру рәсімі салтанатты түрде өтті. Оған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің оынбасары Ұласбек Сәдібеков бастаған делегация қатысты.
Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстанда отыз мыңға жуық тәжік ұлтының өкілдері тұрады.
KAZAKBOL.COM