Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жиында музыканы шатастырып алғаны үшін қуылған шенеунік қызметіне оралған

KAZAKBOL.COM

Тәжікстандағы концерт. Фото: centralasian.org

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон оның Хатлон облысына сапары кезіндегі салтанатты жиында музыканттар шатасып кеткені үшін қуылған шенеунік әйелді жұмысқа қайта алдыртты деп хабарлайды Centralasian.org.

24 тамызда Рахмон Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық бөлімше басшысы Зиёда Саломованы осы қызметке қайта алуды тапсырды. Қорасан ауданы әкімшілігінің басшысы Рахматулло Сафарзодеге қатаң сөгіс жаряланды.

14 тамызда Азаттық радиосының репортажында президенттің осы ауданға сапары кезінде «Очаджонхо» ансамблі Рахмонды күтіп алу кезінде әуен ырғағынан шатасып кеткені туралы айтылған еді.

Рахмонның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының әуен сапасына көңілі толмады деген әңгімеге ешқандай негіз жоқ.

«Президент аймақтарға халықтың тұрмысымен танысу үшін барады», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM