KAZAKBOL.COM

Тәжіктердіңұлттық киімі. Фото: nazaccent.ru

23 тамызда Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы «Дәстүр мен салтты реттеу туралы заңға» өзгеріс енгізіп ел азаматтарына ұлттық киім киюді міндеттеді деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Заңның 14 бабының 4-бөліміне жасалған өзгеріске сәйкес «жеке және заңды тұлғалар ұлттық киім атрибуттарын сақтап, мемлекеттік тілді білуге және ұлттық киім киіп жүруге міндетті болады».

Парламенттің отбасы мен әлеуметтік қорғау комитетінің төрайымы Хилолби Курбонзода 23 тамызда бұл заңды орындамағандардың жазаға тартылатынын айтты. Оның сөзінше, Тәжікстан үкіметі жақын уақытта ұлттық киім киіп жүру тәртібіне қатысты арнайы қаулы әзірлемекші.

Жергілікті сарапшылар осындай жолмен билік органдары хиджаб киетін мұсылман әйелдерге ұлттық киімді таңбақшы деп санайды. Тәжікстан үкіметі бұған дейін бірнеше мәрте хиджабқа қарсы науқан жариялаған.

Билік өкілдері заңға енгізілген жаңа өзгерту хиджабқа қарсы емес екенін, «тәжіктердің ұлттық мәдениеті мен дініне қайшы әдепсіз» киіну үлгілеріне қарсы жасалған шара екенін айтады.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя