Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ТАҒЫ ДА ТӨСІН ЖАЛАҢАШТАДЫ!

KAZAKBOL.COM

Қазір әлеуметтік желіде еш қымсынбастан жалаңаш тәнін көрсетіп, ерсі әрекетімен елге танымал болғысы келетін қаракөздеріміздің қарасы көбейіп келеді. Мәселен, күні кеше жалаңаш кеудесін көрсетіп танымал болғысы келген ару, тағы да шешінді. Ал депуаттар мұндай бойжеткендерді енді алаңға шығарып дүре соғамыз деп отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Тағы да төсін ашты. Бұған дейін де оғаш қылықтарымен әлеуметтік желіні шулатып, жалаңаш кеудесін жұртқа көрсетуден еш қымсынбаған модель елдің назарын өзіне тағы аударды. Елдің қытығына тигісі келді ме, әлде хайп қуам деді ме, ол жағын білмедік. Ал, оның өзі бұл әрекетін былай деп түсіндірді. ДИНАНГҮЛ ТАСОВА, МОДЕЛЬ: «Жалаңаштану ұлт таңдайды деп ойламаймын. Ешқайсын қарамаймын, өз жұмысымды жасап жүрмін. Көшеде, әлеуеттік ортада жүрген жоқпын! Мен 1-2 достарым жібергенім көрген, не істерін білмей отырғандардың тірлігі. Биыл позивтив көп, мен соны байқадым. Халық енді түсініп жатыр». Тасова кеудемді ашық күйінде көрсетуде тұрған ешбір әбестік жоқ дейді. Керісінше, қазір қорғамның пікірі өзгерген көрінеді. Посттың астында негативтен гөрі, позитив басым екен. Десе де халықтың қамын ойлап жүрген депутаттар мұндай қыздарды алаңға шығарып дүре соғып, қамшның астына алу керек деп есептейді. НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бірден оларды дүре соққым келеді! Басына кәдімигдей қан шауып, намысыңа тиетін дүниеге айналасың. Жеке бастың мүддесін, жалпы ұлт ретінде көршілес мемлекеттер біз туралы не ойлайды? Азғындыққа ұшырапты, намыстанасың! Көршілес тұрған иманы бекіген осы азғындалып бара жатыр!». Осылайша шешінгендерді дүре соққысы келген депутат әрі әнші Нұрлан Әлімжанов, әріптестерін де тәрбиелейтін көрінеді. Оның сөзінше, қазір киелі сахнада жүріп арзан хайп қуатындар қатары көбейген. Бәрінің мақсаты бір — инстаграм арқылы ақша табу. НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Менің территориям дейді де отырады ғой. Артынды қысып отыршы дедім. Үлгі болсаңшы, лентам тоқтап қалады, мен түсінбеймін бар ғой. Жалаңаштанды бізде жалаңаштанайық, тек қана көтендерін көрсетіп, қаншама қаракөз қарындастарым бар. Не істейсің?». НҰРЖАН ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Қазақ қыздарының жалаңаштанып бір жерге шығуы дұрыс емес. Ешқашан тән емес. Біріншіден, заң түрінде біз запрет қоя алмаймыз!». Бұған дейін де әлеуметтік желіде беті бүлк етпестен жалаңаш тәнін көрсетіп, ерсі әрекетімен елге танымал болғысы келген қаракөздеріміздің оғаш қылықтарын көрдік. Айттық, сынадық! Халықтың ызасын тудырғанына қарамастан, бірі төсін ашып тыраштанса, қалғаны тәнінің сұлулығын жалпақ жұртқа жариялап жарысты. Ал, мамандар мұндай тенденцияға мындай диагноз қойыпты. ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВ, ПСИХОЛОГ: «Әркім жеке өміріне құқылы. Бірақ қоғамды тәртіпте ұстайтын белгілі нормалар бар. Төмен болу

психилологиялық ауытқудың белгісі. Бұл көбінесе бала мен ата-ананың байланысының нашарлығы.Әсіресе қыз бала, жеткілікті дәрежеде көңіл бөлібенсе, мұндай қыздар ашық болады». Дауасы жоқ дерттің шипасы қашан пайда болатыны белгісіз. Тек, тәнінің сұлулығын жалпақ жұртқа көрсетіп, танылғысы келетіндердің басым көпшілігі, жалғыздықты бастан кешіп жүрген арулар. Сондықтан да олардың мұндай ерсі әрекеттеріне назар аудармаған жөн, дейді психологтар.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM