Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тағы бір керемет емдік қасиеті бар өсімдік!

KAZAKBOL.COM

Ыстықтық бірлігімен өлшенетін бұрыштың ең әлсізі-паприка, ал ащысы Хабареноның ыстық бірлігі-300 000 бірлік болса, біз әдетте пайдаланып жүрген ащы қызыл бұрыштың (кайенский) ыстықтық бірлігі 40 000 бірлік. «Бұл туралы білеміз, таңданатын нәрсе емес» демеңіз!

Мысалы: жылынғыңыз келгенде қызыл бұрыштан демделген шай-арақтан пайдалырақ, емдік қасиетке ие. Араққа тұндырылған қызыл бұрышты аузы жабылатын кішкене бөтелкеге құйып, пипеткамен алып жүрсе, жүрек ауыратындарға нитроглицериннің орнына ( ол қан тамырларын кеңейтеді) , адам талып қалғанда, қан кеткенде (қажет кезінде қан тамырларын жіңішкертеді) пайлалануға болады. Егер аяғыңыздың қан тамырлары жұмысының жетіспеушілігінен аяғыңыз мұздап, жылынбаса ыдысқа ыстық су құйып, ащы қызыл бұрыш араластырып, аяққа бұлау( ванна) жасасаңыз. Бұрыш бұлауын осыдан 6000 мың жыл бұрын емдікке пайдаланған. Мүмкін сіз сенбейтін шығарсыз, ал Америкалық үндістер ыстық күнде салқындауға, суық күнде жылынуға бұрышты пайдаланады.Ішек, асқазаннан қан кеткенде (адамның түрі сұрланыпжәне іштен қара сұйықтық өтсе, немесе алқызыл қан құсса) 1 қасық қызыл ашы бұрышты 1 стакан жылы суға салып ішу қажет. Егер қандай да бір өткір затпен денені кесіп,тіліп, жұлып алған жарақатқа да қызыл ащы бұрышты сеуіп байлап қойсаңыз болды. Жоғарыда айтылғандай жас бұрыш шырыны қан қысымын төмендетеді, жұрек талмасында көмектеседі.

Есте сақтайтын жайт, қалай емдеймін десең де бірінші қан айналымын жақсартудан бастау керек. Адам ағзасы бүлінген жерге қан жету керек,.қан жүрмеген кезде инфаркт, инсульт, әр түрлі өлі еттену (некроз) болады, жара жазылмайды.Ал әшке және сыртқа пайдаланылған қызыл ащы бұрыш қан айналымының жеделдететін мықты күш. Егер құрғақ қызыл ащы бұрышпен демделген шайды моншаға кірер алдында ішсеңіз,будағы ыстықты жеңіл көтересіз.Жас, балғын ащы қызыл бұрыш шырынының бір-екі тамшысы қан қысымын тез түсіреді, қан тамырларды тазартады. Әрине жоғарыда айтылғандардың барлығы негізінен жедел жәрдем келгенге дейін, немесе дәрігермен кеңесе отырып пайдаланған жөн


Рабига Сыргабаева

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM