Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Табиғаттың байлығы – өскелең ұрпақтың игілігі

KAZAKBOL.COM

Ата салтымыздан келе жатқан Наурыз мерекесі адам мен табиғаттың жаңаруы, жаңа өмірдің бастамасы ретінде танылған түркі әлемінің төл мерекесін Шымкент гарнизонының әскери қызметшілері және олардың отбасы мүшелері мен №129 жалпы орта «Жас сарбаздар» табиғат күнін ерекше атап өтті.

Табиғаттың шырайын арттыру, оған қарауды ұғыну, экология мәдениетін және елді мекендердің аумақтарын абаттандыруға бағытталған қоғамдық бастамаларды дамыту мақсатында өткізілген шарада әскери қызметшілер мен әскери патриоттық клубының оқушылары қалашық аумағында серуендеп қана қоймай, ондағы қоқысты тазартып, көшет отырғызып, құстарға ұяшықтар жасап талдарға орнатты. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және қазіргі таңдағы әлемдегі өзекті мәселеге айналған індеттің алдын алып, денсаулықты жақсартады.

— Біз бүгін әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерімен бірлесе табиғат күнін ерекше сезіммен атап өтудеміз. Табиғат-адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Еліміздің айбынды әскері өрлеп, шарықтағаны қаншалықты маңызды болса, табиғаттың тазалығы да соншалықты маңызды. Өйткені, адамзат болашақта бейбіт, таза ортада өмір сүруі тиіс, — деп атап өтті әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Жамал Оразбек.

Қалай десекте Наурыз мерекесі халқымыз үшін қашанда орны бөлек. Осындай ата салтымыздан келе жатқан дәстүрлі мейрам алдағы уақыттарда ұмыт болмай, елімізбен бірге кеңінен тойлана бермек.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігі
Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі
байланыс телефондары: 87781475425
87472093922 (what’s app)
shymkent_press@mail.ru

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM