Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Талдықорғанда мұғалімнің өліміне себепкер болған 4 жігіт сотталды

KAZAKBOL.COM

Сот үкімімен келіспейміз деген жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірмек.

Талдықорғанда мұғалімнің өліміне себепкер болған төрт жігітке сот үкімі шықты. Сәрсен Жұрынбаев сегіз жылға, Ерлан Мыңбаев төрт және Роллан Мұратбековті екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ал Абай Исаевқа 4 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Қайтыс болған Бақытжан Батыршаевтың әкесі Нұрмұханбет Батыршаев қылмыскерлер тым жеңіл жазаланды деп наразы. Сот үкімімен келіспейміз деген жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсірмек.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Батыршаев есімді азаматты төрт жігіт қаладағы дәмханалардың бірінің алдында соққыға жыққан.

Ауыр соққы алған 37 жастағы азамат ауруханаға жеткізіліп, екі күннен кейін көз жұмған. Жәбірленушінің зайыбы бұл қасақана істелген қылмыс дейді.

Толғанай Омарованың сөзінше, күйеуін 5 жігіт дәмханаға іздеп келіп, кек алған. Ал істің осыншама насырға шабуына оның төбелес кезінде досына араша түспегені себеп болған көрінеді.

Алайда бес адамның біреуі куәгерге айналып, 4-еуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 3 жігіт «Бұзақылық», ал біреуі «Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Айта кету керек, Бақытжан Батыршаев Талдықорған қаласындағы №4 мектепте дене тәрбиесінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Оның артында жары, екі кішкентай қызы және ата-анасы қалды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM