Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Талибан» өлімге бас тіккен мыңдаған содырын Тәжікстанмен шекаралас Тахорға жіберді

KAZAKBOL.COM

«Талибан» қозғалысының ресми өкілдері Тәжікстанмен шекаралас Тахор провинциясына «мыңдаған» жауынгерін жіберді.

Кабулды басып алған соң Ауғанстан Ислам Әмірлігін құратынын жариялаған «Талибан» қозғалысы Тахор провинциясына әскер жіберді.

Тәжік билігі бұл мәліметке күмәнмен қарайды, дегенмен көрші елмен шекараны бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

«Талибан» өкілі Забихулла Муджахид 25 қыркүйекте Твиттердегі парақшасында жауынгерлердің суретін жариялап, «Ислам Әмірлігі Мансури армиясының» ондаған мың жауынгері Тахорға беттеді» деп жазған.

Ислам Әмірлігі Мансури армиясы негізінен өлімге бас тіккен содырлардан тұрады. Тәліптер өткен аптада осы армияның жауынгерлерін Бадахшан провинциясына кіргізгенін жариялаған.

Тәжікстан — Ауғанстанның «Талибан» үкіметін мойындаудан бас тартқан жалғыз көршісі. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тәліптерді сынап, Ауғанстандағы тәжіктердің құқықтары аяққа тапталғанын бірнеше мәрте мәлімдеген. Сол себепті сарапшылардың кейбірі тәліптердің тәжік шекарасындағы әрекетін Тәжікстан ұстанымымен байланыстырып отыр.

Тәжікстан мен Ауғанстанның ортақ шекарасы 1400 шақырымнан асады.

«Талибан» 15 тамызда Кабулға ұрыссыз кіріп, Ауғанстанды «Ислам Әмірлігі» деп жариялады. Содан бері екі ай өтсе де, ешбір мемлекет Талибан үкіметін мойындаған жоқ.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM