Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Талибан» Ресейден бартермен мұнай алғысы келеді

KAZAKBOL.COM

Былтыр тамыз айында Ауғанстан үкіметін басып алған «Талибан» террористік ұйымы Ресейден бір миллион баррель мұнай сатып алғысы келеді.

Бұл жөнінде тәліп үкіметінің сауда және өндіріс министрі Нуриддин Азизи РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында айтқан.

Азизи «Талибан» мұнайды қандай да бір ауған өнімдерімен алмастыруды қарастырып жатқанын айтады.

Маусым айында Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Ауғанстанның сауда-өндіріс палатасының төрағасы Ресейден бес мың тонна мұнай мен екі миллион тонна бидай сатып алғысы келетінін айтқан.

Тәліп өкілдері 14 тамызда Мәскеуге барған.

Былтыр қазан айында Ресей президенті Владимир Путин «Талибан» қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен алып тастау бағытында жұмыс істейтінін жариялаған. Мемлекеттік БАҚ-тарға «Талибан» қозғалысын террористік ұйым деп жазуды алып тастау талап етілген.

Биыл 17 наурызда БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ауғанстанмен ресми байланыс орнату жөнінде дауыс берді. Онда БҰҰ миссиясы бір жыл көлемінде Ауғанстанға баруы көрсетілген. Бірақ тәліптер жөнінде сөз айтылмаған. Дауыс беру сәтінде Ресей қалыс қалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM