Ресейлік қаржылық сарапшы Александр Разуваев «Взгляд» басылымында жариялап, алдағы қауіп-қатерлерге болжам жасады деп хабарлайды Қамшы.
Биыл тамыз айында 1991 жылғы бүлікке 15 жыл толатынын еске салған саясаттанушы алдағы тамыздағы ықтимал қауіп-қатерлерді атады.
«Тамыз айы жақындап келеді. Бұл ай Ресей үшін тынышсыз болуы дәстүрге айналған. Енді 2016 жылғы тамыздың әскери қатері ретінде Қазақстан мен Шығыс Украина қарастырылады», — деген ол Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына мүше ретінде Қазақстанға Ресей әскер кіргізуге мәжбүр болатынын айтады.
«Қазақстан – Еуразиялық одақтағы негізгі ел, ҰҚКШҰ-ның мүшесі және лаңкестік интернационалдың жаңа нысанасы. Жағдай айтарлықтай күрделенсе Ресей араласуға мәжбүр болады. Ресейге оңтүстік шекарасында екінші Үлкен Шешенстан керек емес», — дейді ол.
Тамыз айының Ресей үшін оңай етпейтінін еске салған Развуваев әлемдік саясаттағы қауіп-қатердің жалғасатынын айтқан.
KAZAKBOL.COM