Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жол апатына себепкер болған 22 жастағы полицейдің неге бірден ұсталмағаны белгілі болды

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: sputnik.kg

Қостанайда жол апатына себепкер болды деген күдікпен полицей қамауға алынды деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.

Қостанайдың №2 соты 22 жастағы полицейді қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына екі айға қамауға алды. Жас жігіт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Істің деректеріне сүйенсек, 30 шілдеде таңғы алты шамасында полицей Lada Priora көлігін айдап келе жатып ұйықтап кеткен. Салдарынан ол бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кетіп, Lada Granta көлігін қағады. Lada Granta көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан көз жұмған.

Апатқа себепкер – Қостанай ІІБ қызметкері жұмыстан тыс уақытта көлік айдап келе жатқан. Ол жол апатынан соң бірден қамауға алынған жоқ. Сол себепті қоғамның наразылығын туғызды.

Облыстық ІІД түсіндіргендей, заңнамаға сәйкес осы санаттағы істер ауыртпалығы орташа тәртіп бұзушылыққа жатады. Күдіктінің тұрақты мекенжайы бар, бұрын сотталмаған, кім екені анықталған, оқиға орнынан қашып кеткен жоқ, медициналық сараптамаға сәйкес сау болған.

Мұндай кезде айыпты тұлғалар ұсталмайды, оларға қатысты басқа бұлтартпау шарасы қолданылады. Дегенмен полицейді уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

«Өйткені, жол апатына себепкер — құқық қорғау органының қызметкері, қызметіне байланысты заңнама мен тәртіп сақтау бойынша аса қатаң талап қойылады», — дейді ІІД.

Sputnik Казахстан

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM