Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қазақстандағы ең «жемқор» облыстардың тізімі жарияланды

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: mk-kz.kz

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздегі жемқорлық ең көп жасалатын облыстардың тізімін жариялады деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

«Қазір мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан көптеп қуылуы проблемаға айналып келеді. Олардың жартысынан астамы жемқорлық әрекеттері үшін қызметтен кеткен. Жемқорлыққа жол беретіндердің көбі қаржы, әділет және ауыл шаруашылығы министрліктерінің облыстардағы өкілдері. Ең жиі пара алып, жемқорлық қылмысына жол беретіндер Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарының мемқызметкерлері», — дейді Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова.

Оның айтуынша, елімізде жемқорлыққа қарсы күрес әлі де күшейетін болады.

«Облыстардағы департаменттер әлі де болса алдын алу шараларын күшейтулері қажет. Жемқорлыққа қарсы шаралардың барлығын толық пайдалануымыз қажет», — деді Шаимова сөзін қорытындылай келе.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM