Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

БҚО-дағы кеденшілер пара алу «ставкасын» 750 мың теңгеге көтеріп жіберген

KAZAKBOL.COM

Пара. Көрнекі сурет. Фото: kazpravda,kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жемқорлық дендеген мемлекеттік органдардың рейтингін жариялады. Олардың мәліметінше, Алматы қаласындағы «Экономикалық тексеру қызметінің» орта есептегі парасы — 700 мың теңгеге дейін жетеді деп хабарлайды 31 арна.

Астана қаласының «Өндірістік қауіпсіздік қызметі» мәселеңді шешіп беру үшін 685 мың теңге пара сұрайды. Қостанай облысының Салық органдары кәсіпкерлерді 537 мың теңгеге бопсалағаны, ал Батыс Қазақстан облысы кеденшілері 750 мың теңгеге дейін ставкасын көтергені айтылған.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың таралуы мен өңірлердегі парақорлық деңгейін саралайтын «Іскерлік ахуал» рейтингінің қорытындысын жариялады. Бірақ бұл — олар тура осы көлемде пара алады деген сөз емес.

Кәсіпкерлер арасында анонимді сұрау салу жұмыстарын жүргізген мамандар пара алу жиілігі жөнінен кедендік органдар, экономикалық тексеру қызметі мен көлік инспекциясының алдыңғы үштікке шығатынын анықтаған. Одан бөлек парақорлар тізімінде салық органдары, СЭС мамандары, Өртке қарсы және ЭКО қызметтері де бар.

«Жемқорлықтың негізгі себептері ретінде кәсіпкерлер құжаттардың қаралу уақытының ұзақтығы, бизнес өкілдеріне талаптың жоғары болуын, тексерістердің көп болуын айтқан. Бұл кәсіпкерлерді жемқорлық жолына түсіп, мемлекеттік органдарға пара беруге итермелеген», — дейді  Атамекен» ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті директорының орынбасары Сәния Ақылбекова.

Зерттеу барысында аталған мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың орташа мөлшері де анықталған. Бармақ басты, көз қыстымен мәселеңді шешетін кедендік органдарда — 12 мыңнан 486 мың теңгеге дейін пара алынады екен. Экономикалық тексеру қызметі мамандарының мұртын майлау үшін 165 мыңнан 632 мың теңгеге дейін қаражат керек.

Ал көлік бақылау органында параның мөлшері қол жетімдірек. 85 мың теңгеден 314 мың теңгеге дейін көрінеді. Мұндай сұмдық статистиканың бар екенін біліп, оны қоғамдық талқылауға салғанның өзі жемқорлықпен күрес бастамасы ретінде дұрыс -дейді саясаттанушылар.

«Жемқорларды беделі мен қызметіне қарап таңдап жазалап жатырмыз. Мына министрді тұрмеге қамаймыз, ал мына министрге тиісуге болмайды, мына әкімді жауапқа тартамыз, ал мына әкімді жазаламаймыз деп. Бірі екіншісінен жақсы емес екендігін барлығы түсініп отыр ғой. Жемқорлықпен шенді ұсталса, халық «ой, бәрекелді, пара алғаны үшін ұсталып жатыр» демейді, «біреудің жолын кескен ғой, бөліспеген ғой» деп айтады. Осының өзі ащы шындықты айтып тұр ғой», — дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Қазақстанның пара алудан алдына жан салмайтынын жемқорлық индексін өлшеп отыратын «Transparency International» халықаралық ұйымының есебінен де анық байқауға болады. Еліміз 176 елдің ішінде 131-орында тұр. Тіпті көрсеткіштеріміз былтырғымен салыстырғанда 23 сатыға төмендеп, нағыз жемқорлыққа батқан елдердің қатарын толықтырып тұрмыз.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM