Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин Ресейге келген Мирзияевке өзбекше тост айтып, қуантып тастады

KAZAKBOL.COM

Владимир Путин мен Шавкат Мирзияев. Фото: inosmi.ru

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев тұңғыш рет ресми сапармен Ресейге келді. Ислам Каримовтің ізбасарын мұнда үлкен қошеметпен күтіп алған деп хабарлайды kp.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кремль Мирзияевтің сапарына ерекше дайындалған. Президентті әуежайдан оркестер және шағын парадпен күтіп алса, Кремльде оны Путин бастаған лауазымды шенеуніктер күтіп тұрды.

Өзбекстан президентіне Ресейдің ресми тұлғаларын жеке-дара таныстырған Путин екі ел арасындағы достық пен қарым-қатынасқа ерекше назар аударды.

Бір қызығы, кездесу барысында диктор бірнеше мәрте қате жіберді. Ол біресе ресейлік шенділердің тегін айта алмай, тіпті, Шавкат Мирзяевтің әкесінің атын айтуда да қате жіберді.  Осы сәтте Путин дикторға көмекке келіп, Мирзияевтің тегі «Миромонович» екенін дауыстап айтты.

Кездесу соңында тост сөйлеген Путин өзбекше сайрап, «Сог Булинг!» деп сөзін аяқтады. Бұл өзбек тілінен аударғанда «Деніңіз сау болсын» деген мағынаны білдіреді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM