Қытайдың Лунъянь қаласында белгісіз адам автобусты ұрлап айдап шығып, көшедегі жүргіншілерді таптап кеткен. Оқиғадан бес адам қаза тауып, 20-дан астам адамның жараланғаны хабарланды. Қаза тапқандардың екеуі — полицей.
Жергілікті полиция қолында пышағы бар ер адамды ұстағанын айтқан. Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Ер адамның не үшін шабуыл жасағаны белгісіз.
Сәуір айында осыған ұқсас оқиға Канадада болды. Торонтода жүргізуші фургонмен жолаушыларды қағып, 10 адам қаза тапқан.
Әлемнің өзге елінде де соңғы жылдары жүк көлігімен адамдарға шабуыл жасау оқиғасы жиілеп кеткен:
шілде 2016 – Ницца (86 адам қаза тапты),
желтоқсан 2016 – Берлин (12 адам көз жұмған),
қаңтар 2017 – Иерусалим (5 адам ),
сәуір 2017 – Стокгольм (4 адам),
наурыз 2017 – Лондон (5 адам қаза тапты),
маусым 2017 – Лондон (8 адам),
тамыз 2017 – Барселон (13 адам),
қараша 2017 – Нью-Йорк (8 адам көз жұмған).