Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Танымал қазақ журналисінің ұлы туралы жазбасы елді жылатты (фото)

KAZAKBOL.COM

Жуырда ғана 25 жастағы ұлынан айырылған қазақтың танымал журналисі Сәуле Әбілдаханқызы желідегі парақшасында баласы туралы естеліктерімен бөлісті. Ол баласының дүние мен ақшаға қызықпағанын және білімге құштар болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

«Дүниеге қызыққан жоқ. Ақшаға қызыққан жоқ. Үйге қызыққан жоқ. Машинаға қызыққан жоқ. Киімге қызыққан жоқ… Досы көп болды. Туыстар арасында сүйкімді болды. Көпшіл болды. Ақылды, білімді болды. Көп оқыды. Көп білді. Өнерлі болды. Талантты болды. Қайтпас қайсар мінезі болды. Ол осындай еді…

Құдай маған ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, ой десе ойы бар, бой десе бойы бар, талапты да талантты бала берді. Сол үшін бақыттымын. Абзалдай балаға ана болғаным үшін Аллаға мың алғыс. Менің балам болғаның үшін саған рахмет, құлыным. Бара ғой. Алла алдыңнан жарылқасын!..»,-деді Сәуле Әбілдаханқызы.

Сәуле Әбілдаханқызы ұлымен. Фото: Facebook

 

Аз ғана уақыт ішінде туған ұлынан, әкесі мен бауырынан, туған жездесінен айырылған журналист өзі үшін бар қазақ даласы күңіреніп жатқанын айтып, қайғысын бөліскен жандарға алғыс білдірді.

Сәуле Әбілдаханқызының марқұм ұлы. Фото: Facebook

 

«Адам адам болғалы көргені осы екен…. Жалғыз менің ғана емес, бүкіл адамзаттың басында бар жағдай. Мен түгілі, Адам атаның сүйікті ұлы өліпті. Тіпті, сүйікті пайғамбарымыздың сүйікті екі ұлы бірден өліпті. Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы бір күнде өліпті. Олардың жанында мен кіммін….. Көнбегенде қайда барамын? Баламды тым қатты уайымдап кетіп едім, Алла тас төбемнен сарт еткізді. Мүмкін, ана болудан да басқа шаруа жүктегісі келген шығар…. білмеймін…. Бірақ…. құдай анық қаласа, бірдеңемен айналысарым анық…. Ал әзірше, бүкіл қазақ даласы, аспан да, жер де күңіреніп тұрғандай…Тек уақыт емші. Көңіл айтып, қайғымды бөліскендеріңіз үшін мың алғыс!»,-деп жазды ол желідегі парақшасында.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM