Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Танымал өзбек блогері ауруханада қайтыс болды. Марқұмның туыстары оған у беруі мүмкін дейді

KAZAKBOL.COM

Қоқан қаласындағы мәселелерді көтеріп жүрген блогер Икбол Камилджанов 15 қыркүйекте Ферғана облысының ауруханасында қайтыс болды. Ол ауруханаға жағдайы ауырлағанда түскен.

Бұл туралы Ферғана облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Хусан Мамажонов хабарлады.

Шенеуніктің айтуынша, 7 қыркүйекте Икбол Камилджанов ауруханаға жағдайы ауырлағанда түскен, оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Оған өкпенің қабынуы, қант диабеті, жүрек ауруы, сонымен бірге тыныс алу және қан айналымының бұзылуы диагнозы қойылған.

«Қажетті емін жасағанымызбен ауруды жеңе алмадық. Отандасымыз қайтыс болды», – деді Хусан Мамажонов.

Алайда блогердің әпкесі Шоира Камилжанова марқұмды улап өлтірген болуы мүмкін деп отыр. Оның айтуынша, блогер іші қатты ауырғанын айтқан, Қоқан қаласынан ауруханаға өзі келіп жатқан.

«Ертесіне ол уланған болуы мүмкін деді. Дәрігер бізге оның коронавирус жұқтырғанын, сатурация деңгейі 60 пайызға түсіп кеткенін айтты. Біз оны ауруханаға жеткізгенде, ол жөтелген жоқ, ыстығы көтерілмеді. COVID-19 немесе пневмония белгілері болмады», – дейді ол Daryo басылымына.

Алайда Ферғана облысы ауруханасының бас дәрігері Одил Умаров бұны жоққа шығарып отыр.

Бұның алдында блогер Икбол Камилжанов Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы медалімен марапатталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM