Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкент 14 өзбек азаматының қамалуына байланысты Қазақстанға нота жіберді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі қаңтар оқиғасына байланысты өзбек азаматтарының ұсталуына орай Қазақстан сыртқы істер министрлігіне нота жіберді. Бұл жөнінде Өзбекстан СІМ ресми өкілі Юсуп Кабылжанов хабарлады.

Нотада өзбек тарабы қамауға алынған өзбек азаматтары туралы толық ақпарат беруді, оларды қамау себебі мен қазіргі жағдайы жөнінде сұраған. Өзбек тарабы олармен өзбек консулдығы өкілдерін кездестіруді сұраған.

«Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі, сонымен бірге Алматы мен Ақтаудағы бас консулдықтар Қазақстан құқық қорғау орган өкілдерімен тұрақты түрде байланыс орнатып отыр» деп жазылған ресми хабарламада.

Осы аптада Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мемлекеттік арнаға берген сұхбатында тәртіпсіздіктен кейін 18 шетел азаматы қамауға алынғанын, 14-і өзбек азаматы екенін мәлімдеген.

Ақпанның басында Өзбекстанның Алматыдағы бас консулдығы «қаңтар оқиғасына» байланысты қамауға алынған өзбек азаматы Сәкен Тәліповке байланысты Қазақстанға нота жолдаған. Сәкен Тәліповтың үстінен «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» және «төтенше жағдай кезінде құқық қорғау орган қызметкерінің өміріне қауіп төндіру» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған. Бірақ адвокаты екінші іс бойынша ешқандай дәлел жоқ деген. Ол сот шешімімен екі айға қамауға алынған.

Қаңтар оқиғаларына байланысты Қазақстанда оннан астам шетел азаматы ұсталған. Екі қырғыз, бір өзбек азаматы қайтыс болды. Билік қаңтардың басынан бері дүрбелеңге «сыртқы күштерді» айыптап келеді. Олар Орталық Азия елдерінің бірінен келгенін айтады. Бірақ нақты айғақ келтірмейді. Бұған дейін «бүлікші» ретінде аталған екі қырғыз азаматы үшін Қырғызстан Қазақстанға қарсылық нотасын жолдап, азаматтарын елге қайтарған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM