Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкент метросында сексуалдық әлімжеттік көрсеткен еркек бес тәулікке қамалды

KAZAKBOL.COM

Ташкенттің Чиланзар аудандық соты метрода жас қызға тиіскен азаматты бес тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Бұл жөнінде зорлық-зомбылыққа қарсы Nemolchi.uz жобасы хабарлады.

Ақпаратты Gazeta.uz сайтына Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Азиз Абидов та растаған.

«10 мамырда Хорезм облысының тұрғыны Жамшидбек Шамуратов метрода кәмелетке жасы толмаған қыздың арқасын сипаған. Қыз бұл жөнінде станция қызметкерлеріне айтқан. Сол жерде Шамуратов ұсталған», – деп жазылған мәлімдемеде.

Сотта ол кінәсін мойындап, өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза беруді сұраған. Өз кезегінде жәбірленуші соттан Шамуратовқа қатал жаза сұраған.

Құқық қорғау органдары бастапқыда Шамуратовтың бұл әрекетін «Ұсақ бұзақылық» бабымен қарай бастаған. Бірақ судья 12 мамырдағы отырысында оны «Сексуалдық әлімжеттік көрсету» бабымен алмастырып, бес тәулікке қамауға алу шешімін шығарған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM