Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкент-Стамбұл бағытындағы ұшақта сәби дүниеге келді

KAZAKBOL.COM

26 сәуірде «Узбекистон хаво йуллари» компаниясының Ташкенттен Стамбұлға қатынайтын рейсінде сәби дүниеге келді.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, сәби ұшақ Стамбұлға жақындаған кезде дүние есігін ашқан. Нәрестенің анасы, өзбекстандық 27 жастағы Ситора А. өзін әлсіз сезініп, стюардессаны шақырған. Борт қызметкерлері жолаушылардан дәрігер бар ма деп сұраған.

«Бірнеше уақыттан кейін жүктіліктің 28 аптасында келіншек ұл босанды. Стамбұлға жеткеннен соң, анасы мен сәбиді бірден перзентханаға алып кетті, қазір олардың жағдайы бірқалыпты», — делінген хабарламада.

Ұшақ қызметкерлері әйелдің босануына көмектескен жолаушыларға алғысын жеткізіп, сыйлық берді. Сәби Дүниежүзілік ұшқыштар күнінде ұшақта дүниеге келді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM