Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкент зообағында қызын аюдың апанына лақтырып жіберген әйел мәжбүрлі түрде емделуі мүмкін

KAZAKBOL.COM

Ташкент зообағында кішкентай қызын аюдың апанына итеріп жіберген әйелді мәжбүрлі түрде емдеу үшін сотқа шағымданатын болады. Осылай деп Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов мәлімдеді.

«Кешенді сот-психиатриалық және психологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, әйелдің психикалық аурумен ауыратыны анықталды. Оның мұндай жағдайы тергеу кезінде сұрақтарға шынайы жауап бере алмауы себеп болды», — деді баспасөз хатшысы.

Биыл 28 қаңтарда Ташкент зообағында әйел үш жастағы қызын аюдың апанына лақтырып жіберген. Зообақ қызметкерлері аю қыздың жанына келіп, бірақ тиіспей кетіп қалғанын айтқан. «Қыз жануардың азуынан емес, бес метр биіктіктен құлағаннан зардап шеккен», — деген.

Бұл оқиғадан кейін қыздың анасына қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Қыздың 31 жастағы анасы Ташкенттегі жоғары оқу орындарының бірінші оқытушы болып істеген. Тергеу мәліметіне қарағанда, ол 2021 жылдың шілде айынан бері психиатриалық диспансерде тіркеуде тұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM