Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте қызын аю отырған торға итеріп жіберген әйелді мәжбүрлеп емдейді

KAZAKBOL.COM

Ташкент қаласындағы Юнусабад ауданының соты 18 сәуірде астаналық хайуанаттар бағында қызын аю отырған торға итеріп жіберген әйелге қатысты шешім шығарды. Бұл турады Өзбекстан Жоғарғы сотының ресми өкілі Әзіз Абидов Telegram-арнасында хабарлады.

Еске салайық, биыл наурыз айының соңында Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов күдіктінің психикалық ауруға ұшырағанын хабарлаған.

Судья Зарина Ахатова айыпталушы қоғамға қауіпті әрекетті психикалық ауытқуларына байланысты жасаған деп танып, оны Ташкенттегі психиатрия ауруханасына емделуге жіберді.

Еске салайық, биыл 28 қаңтарда әйел үш жастағы қызын хайуанаттар бағында аю отырған торға түсіріп жіберген. Зузу атты аю қыздың қасына келіп, оны иіскеген соң кетіп қалған. Бақ қызметкерлері қызды тордан аман алып шыққан.

Осы оқиғадан соң әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

32 жастағы әйел бұрын Ташкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде мұғалім болып істеген. 2021 жылғы шілдеде оны психиатриялық диспансердің тізіне қойған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM