Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте бір топ діндар Да Винчи мен Рембрандт туындыларын өзбек халқына жат деген пәтуә шығарды

KAZAKBOL.COM

Ташкенттегі кітап базарын тексерген бір топ діндар Да Винчи мен Рембрандт туындыларын өзбек халқына жат деген пәтуә шығарды.

28 маусымда Өзбекстан ислам академиясының ректоры, дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Мұзаффар Камилов, Ислам өркениеті орталығының қызметкері Аброр Абдуазимов және Ферғана облысы Ташлак ауданындағы мешіттің бұрынғы имам-хатибі Шукрилло Эгамбердиев бастаған бір топ діндар Ташкент орталығындағы кітап дүкендерін аралап, ондағы шығармалар ислам идеологиясына қаншалықты сай екенін тексерді.

Азаттықтың өзбек қызметіне жолданған видеодан діндарлар тобы кітап дүкеніне кіріп бара жатқанын, «комиссия» мүшелерінің қатал түрлерін және оларға үрке қараған кітап сатушыны көруге болады.

Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Мұзаффар Камилов сатушыға былай дегені естілді:

«Мына кітаптардың арасында дінімізге қайшы келетіндері бар. Бұл кітаптар қоғамымыздағы кейбір діни мәселелерге керағар. Кітаптар ең әуелі діни сенімімізге сай болуы тиіс. Одан соң дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға».

Одан соң сөз алған Ислам өркениеті орталығының қызметкері Аброр Абдуазимов (Аброр Мұхтор Әли) дүкендегі кітаптардың бәрін жаратпай тасаған.

«Елімізге әкелінетін кітаптарға кеденде қатаң бақылау орнату керек. Кітап әкелуді шектеу емес, дұрыс емес түсініктердің енуін тежеу қажет. Елімізде шетелден әкелінетін кітаптарға бақылау жүйесі дұрыс жолға қойылмаған. Оны мойындауымыз керек», – деген Абдуазимов.

Ол Юваль Ной Хараридің «Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы» кітабын «оқуға зиян» деп сипаттап, авторын «бір жігіттің әйелі» деп балағаттаған.

Сарапшылардың пікірінше, дін мемлекеттен ажыратылған Өзбекстанда соңғы жылдары әлеуметтік-саяси және мәдени дамуды дін тұрғысынан бағалау үрдісі байқалады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM