Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте ең үлкен мешіттің мұнарасын сүру тоқтатылды

KAZAKBOL.COM

Қоғам наразылығынан кейін Ташкентте мұнарасы ең үлкен Исламабад мештін сүру тоқтатылды. Ол қайырымдылықтан түскен қаржыға салынып жатқан.

1 мамыр күні Ташкент қаласының әкімі Жахонгир Артыкходжаевқа тиесілі Discover Invest фирмасының жұмысшылары Ташкенттегі Исламабад мештінің төрт мұнарасының екеуін сүруді бастаған.

Мешіт қызметкерлерінің сөзінше, әрбір мұнараның биіктігі — 63 метр. Бұл Мұхаммед пайғамбардың қайтыс болған жасымен сәйкес келеді. Оның сүрмек болған құрылысшылар себебін түсіндірмеген.

Өзбекстандағы ең ірі мешіттердің бірі болатын мешіт биыл жылдың аяғында қолдануға берілуі керек. Ол бір мезетте он үш мың адамның ғибадат жасауына арналған.

Дереккөздің хабарлауынша, өткен аптада Ташкент әкімі мамандармен бірге мешіт құрылысын көруге барған. Жанында Түркиядан келген құрылысшылар болған. Екі күн өткеннен кейін төрт мұнараның екеуін сүру жайында шешім қабылданған.

Ресми мәлімет бойынша, соңғы үш жылда Өзбекстанда 256 мешіт салынған. 308-і күрделі жөндеуден өткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM