Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ташкентте сегіз адам «терроризмді қаржыландырды» деп айыпталды

KAZAKBOL.COM

Ташкент қаласы Мирабад аудандық соты «террористік шабуыл туралы мәліметті хабарламады», «терроризмді қаржыландырды» деп айыпталған сегіз адамды қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Ташкент қалалық ішкі істер департаменті өкілінің Азаттықтың Өзбек қызметіне хабарлауынша, күдіктілерді 10 тәулік қамауда ұстау туралы сот шешімі 3 маусымда шыққан. Қазір олар тергеу изоляторында отыр.

Күдіктілердің дені тергеу органдары таққан айыптарды жоққа шығарып отыр. Азаттық дереккөзінің айтуынша, күдіктілердің біреуі ғана тағылған айыпты жартылай мойындап, тергеумен бірге жұмыс істеуге келіскен.

Күдіктілердің туыстарының айтуынша, олар 20-21 мамырда «ұсақ бұзақылық» жасады деген күдікпен 15 тәулікке қамалған.

Мирабад аудандық сотындағылар сот отырысының не себепті жабық өткенін түсіндірді.

– Сот ашық өтсе, олардың сыбайластары қылмыс ізін құртып жіберуі мүмкін. Сот қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жабық өтіп жатыр, — дейді сот өкілі.

Күдіктілердің бірінің туысының айтуынша, тергеу органдары қайырымдылыққа жиналған ақшаны терроризмді қаржыландырды деп қабылдауы мүмкін.

Күдіктілердің арасында әлеуметтік желілердің өзбек сегментінде діни жазбаларымен танымал Жәмшид Мирзаев (Махдий Мирзаев) та бар. Оның анасы Зульфия Мирзаеваны соңғы мәрте ұлымен 31 мамырда Ташкент милициясында телефонмен сөйлескен.

– Ұлым: «Маған өте ауыр айыптар тағып жатыр. Бәріне хабарлаңыз!» деп айтты, — дейді Жәмшид Мирзаевтың анасы.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM