Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкенттегі сот Қазақстандағы Қаңтар көтерілісі талқыланған жиынды үйінде өткізген 75 жастағы әжеге айыппұл салды

KAZAKBOL.COM

24 ақпанда Ташкент қаласындағы Мирзо-Ұлықбек ауданының әкімшілік соты 75 жастағы Вазира Эгамбердиеваға 1 350 000 сум (125 доллар) айыпұл салды.

Зейнеткер «заңсыз жиын өткізуге жағдай жасағаны» үшін кінәлі деп танылды.

«Эзгулик» адам құқықтарын қорғау ұйымының басшысы Әбдірахман Ташановтың айтуынга, зейнеткер ісі сотта онлайн-режимде қаралды. Сот өкілдері бұны елдегі эпидемиологиялық жағдаймен түсіндірген.

Вазира Эгамбердиеваның айтуынша, 19 қаңтарда оның үйіне онға жуық белсенді жиналған. Олар Қазақстандағы Қаңтар көтерілісін, Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сөз еткен. Хабарларға қарағанда, зейнеткердің көршісі зейнеткердің үстінен ішкі істер органдарына шағым түсірген. Әкімшілік іс қозғауға соның арызы түрткі болған.

Вазира Эгамбердиева сот тағайындаған айыппұлды президенттің төлеуін талап еткен.

– Сот маған бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Мен оны президенттің төлеуін талап еттім. Өйткені ол мінберлерде сөйлегенде оппозиция ел ішінде құрылуы тиіс деп мәлімдеген. Осы сөздерден соң мен осындай партия құруға кірістім. Партия жиынына ешкім орын бергісі келмеді, мен үйімді ұсындым, сол үшін маған айыппұл салды. Енді мен айыппұлды президенттің төлеуін талап етемін!, – дейді Эгамбердиева.

Оппозициядағы зейнеткер әженің адвокаты Рухиддин Камилов сот шешіміне шағым түсіретінін айтты. Адвокаттың мәлімдеуінше, аудандық сот жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алуға рұқсат бермеген.

Вазира Эгамбердиева Ташкент облысының Бостандық ауданында туған. Мұғалім болып істеген ол зейнетке шыққан соң «Бірлік» халық қозғалысындағы «Томирис» әйелдер клубына жетекшілік еткен.

2020 жылға дейін «Эзгулик» адам құқықтарын қорғау қоғамының Ташкент қаласындағы бөлімшесінің белсендісі болған, кейін профессор Хидирназар Аллақұлов құрған жаңа партияға өткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM