Ташкент қаласының бұрынғы әкімі Жахонгир Артыкхожаевтың депутаттық мандаты мерзімінен бұрын тоқтады.
Тиісті шешім 27 қаңтарда Ташкент қалалық кеңесінде қабылданды. Бұл туралы «Газете.uz» газеті жиынға қатысқан дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Заңға сәйкес, сенатор мен қалалық кеңестің депутаттары қол тимеушілік құқығына ие.
2020 жылдың қаңтарында Жахонгир Артыкхожаев депутат болып сайланып, кейін бес жыл мерзімге сенатор болған. Оның депутаттық мерзімі 2025 жылдың қаңтар айында аяқталуы тиіс болған.
16 қаңтарда президент Шавкат Мирзияев Ташкентті 2018 жылдан бері басқарып келе жатқан Жахонгир Артыкхожаевты қызметінен алған. «Кеше штабта мен оны қызметінен алғам. Жалған, бос сөздері үшін, арсыз аяқтары жер басып жүре алмай қалғаны үшін жұмысынан алғам», — деген мемлекет басшысы.
KAZAKBOL.COM