Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Оқу жылының басталуы қарсаңында Донбаста мерзімсіз бітім жарияланды

KAZAKBOL.COM

Донбастағы жағдайды реттеуге арналған үшжақты байланыс тобы 29 тамыздан бастап мерзімсіз бітімге келу жөнінде келісті. Бұл жөнінде байланыс тобындағы Украина өкілінің баспасөз хатшысы Дарк Олифер хабарлады.

«Донецк және Луганск облыстарының өкілдерінің қатысуымен өткен байланыс тобы оқу жылының басталуына орай, 29 тамыздан бастап мерзімсіз бітімге келгендерін растайды. Тараптарға мониторинг жасауды ЕҚЫҰ қамтамасыз етеді», – деп жазады Олифер Фейсбук парақшасына.

Олифер осының алдында 1 шілдеде жарияланған бітім кезінде сепаратистер тарабынан бір жарым мың оқ атылғанын атап өткен. Сонымен бірге Минск келісімінде тыйым салынған қарулар – «Град» зымыран қондырғышы, танктер, артиллерия мен минометтер қолданылды дейді.

Украина тарабының пікірінше, Ресейден қару-жарақ тасымалдауға тыйым салмаса, Донбаста бітімге келу мүмкін емес. Қазірдің өзінде қару-жарақ тасымалдау жалғасып жатыр дейді.

Кремль болса, бұл айыптардың бәрін теріске шығарып келеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM