Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинаның бірқатар облысына әскери жағдай енгізілді (видео)

KAZAKBOL.COM

Украинаның Жоғарғы Радасы (парламент) Ресеймен шектесетін елдің он облысына бір айға әскери жағдай енгізді.

Осының алдында Украина президенті Петр Порошенко жарлығына өзгеріс енгізіп, әскери жағдайды 60 күннен 30 күнге қысқартып, сайлауалды кампанияға сәйкес келгенін қаламайтынын жеткізді.

26 қараша күні кешкісін Украина Жоғарғы Радасы кезекті президент сайлауын 2019 жылдың 31 наурызында өткізу жөнінде шешім шығарған.

Поршенко Украина Бас штабына мобилизациялау жоспарын нақтылауды тапсырды. Әскерилер де әуе қорғанысын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма алды.

Иллюстрация: карта областей, где введено военное положение

25 қараша күні таңертең Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, ұстап әкеткен. Бірнеше әскери жараланған. Ресей украин кемелерін территориясына «заңсыз кірді» деп айыптаса, Украина кемелердің бұл аумақтан өтетіні «алдын-ала ескертілгенін» айтып, Ресей әрекетін «бассыздық» деп атаған.

Украина қарулы күштерінің мәліметінше, атыстан кейін 23 адам болған кемемен байланыс үзілген. Алты украин сарбазы жараланған. Оның екеуі ауыр жағдайда, үшеуі Керчь ауруханасында жатыр. Жағдайлары бірқалыпты.

Қырым жөніндегі Ресей федералды қауіпсіздік қызметі басқармасы 25 қарашада Украина әскерінің кемесі «Ресей шекарасынан заңсыз өтті және «қауіпті әрекеттер» жасады деп айыптады. Ресей Украина кемелеріне қарсы оқ атқанын растады және үш украин теңізшісі жараланды деп мәлімдеді.

Украина президенті Петр Порошенко Кремльден Керчь бұғазында ұсталған украин теңізшілері мен кемелерді тезарада босатуды талап етті.

25 қарашада Ресей азаматтық кемелердің өтуіне тосқауыл қою үшін, Керчь бұғазын уақытша бұғаттады.

Керчь бұғазындағы Ресей әрекетін бірқатар еуропалық елдер мен АҚШ айыптады. НАТО Керчь бұғазындағы жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM