Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Таулы Бадахшанның биресми лидері өзіне тағылған айыпқа видео үндеу арқылы жауап берді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Таулы Бадахшан автоном облысының биресми лидері Мамадбокир Мамадбокиров өзіне тағылған айыпқа жауап берді.

Бұл видео 8 ақпанда әлеуметтік желілерде тарады. Бұл видеоны қашан түсіргені белгісіз, себебі Хорогта үш айдан бері интернет жоқ.

Мамадбокиров видео үндеуде былай деген: «Биліктен бізге тыныш өмір сүруге мүмкіндік беруін сұраймыз. Олар маған құқық қорғау органдарына өз еркіңмен беріл деп талап етіп жатыр. Менің кінәм не? Мен «ИМ» террористік ұйымына кіріппін бе? Маған 30 жыл бойы қысым көрсетіп келе жатыр. Не үшін екенін білмеймін. Мүмкін мен әділеттілік жағында шығармын. Шындықты айтамын. Халықтың құқығын қорғаймын. Осы үшін билік мені жек көреді. Біз не мемлекетке, не президентке сатқындық жасаған емеспіз. Біз елде тек бейбітшілік болғанын қалаймыз».

Өткен аптада Мамадбокировке қарсы төрт бірдей қылмыстық іс қозғалған.

Алайда Бадахшан халқы оның ұсталуына жол бермейміз деп, үйін күні-түні құқық қорғау органдарынан күзетіп тұр.

Мамадбокир Мамадбокиров – қорғаныс саласының бұрынғы командирі. Аймақтың биресми лидері болып саналады. Ол халық арасында үлкен беделге ие.

Былтыр қараша айында болған Хорогтағы халық наразылығынан кейін билік Мамадбокировті қылмыстық әлеммен байланысы бар деп айыптай бастады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM