Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тегін медициналық көмек пакетін оңтайландыру жолдары

KAZAKBOL.COM

Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшу қажеттілігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді. Бұл ретте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажеттілігі алға тартылған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жалпы жұртшылыққа арналған минималды әлеуметтік стандарт — ТМККК пакеті, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған азаматтарға арналған қызметтер пакеті, сондай-ақ медициналық көмектің өзге қаржы көздерінен қаржыландырылатын қосымша көлемі сияқты медициналық қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін ұсынады.

ТМККК пакеті — шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайға тап болған әрбір азаматқа көмек көрсетуге және жұртшылық үшін маңызы бар ауруларды бақылауда ұстауға бағытталған көмек түрі. ТМККК пакеті барлық азаматтарға тегін ұсынылады. ТМККК пакетінде бастапқы медициналық-санитарлық көмектің барлық түрлеріне кепілдік берілген. Оған: барлық азаматтарға арналған негізгі медициналық қызметтер, нысаналы топтарға арналған скринингтер, жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды қарау, созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан тұрғындарды тұрақты бақылау т.б. жатады. Азаматтар үшін бастапқы мединалық-санитарлық көмектен бөлек, жедел жәрдем және санитарлық авиация тегін ұсынылатын болады. Себебі шұғыл жәрдем қандай жағдайда болмасын, кейбір созылмалы сырқаттарда динамикалық бақылау кезінде көрсетіледі. ТМККК жаңа пакетінде ауруларды пассивті диспансерлеу саясатынан динамикалық бақылау жүйесіне көшіру жоспарланып отыр.

Динамикалық бақылау барысында сырқатты емханада учаскелік қызмет деңгейінде бақылауға және басқарып отыруға болады. Яғни, пациент емхана дәрігерімен бірлесіп, өз денсаулығын күн сайын қадағалап отыруы тиіс. Динамикалық бақылауға жататын 30-ға жуық ауру тобы бар. Бұл негізінен созылмалы инфекциялық емес аурулар болып келеді. Өлім-жітімнің 70 пайызы осы сырқаттардың салдарынан болып жатады. Олардың қатарына жүрек-тамыр жүйесі аурулары, артериалды гипертония, онкологиялық аурулар, тыныс алу аурулары, бронхиалды астма, қант диабеті жатады. Осындай ауруларды динамикалық бақылауда ұстау аурудың асқыну,

мүгедектіктің көбеюі қаупін төмендетеді. Өйткені пациент белгілі бір өмір салтын ұстанып, дәрігер жазып берген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдап, денсаулық жағдайын бақылап жүруге дағдыланады. Мысалы, қан диабетіне шалдыққандарды қарастыратын болсақ, олар қан қысымын, қандағы глюкоза мөлшерін, салмағын өлшеп, дәрілерді тұрақты түрде қабылдап тұруы керек.

Динамикалық бақылаудағы азаматтар диагностикалық қызметтердің негізгі түрлері мен салалық дәрігерлердің консультацияларына тегін жүгіне алады. Амбулатория деңгейінде қажетті дәрі-дәрмекпен де қамтамасыз етіледі. Осындай нұсқауларды қатаң сақтап тұратын науқас аурудың асқынуына жол бермейтіні анық. Ал пациенттің созылмалы дерті асқынып кеткен жағдайда, тиісті медициналық көмек мемлекет тарапынан тұрақты көрсетілетін болады.

Астана қаласы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Н.Қабдықапаровтың айтуынша, азаматтар мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алатын болады.

«ТМККК оңтайландыру мемлекетке, азаматтарға, медицина қызметкерлеріне және медициналық ұйымдарға оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Азаматтар үшін консультативтік-диагностикалық, реабилитациялық және қайта қалпына келтіру көмегі, амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етуге қолжетімділік едәуір жоғарылайды, медициналық қызмет сапасы жоғарылап, жеке шығындар азаяды, азаматтардың денсаулығын өздігінен бақылау дағдыларының қалыптасуы артады», – дейді Н.Қабдықапаров.

Гульзира Жибекенова
Главный эксперт отдела по информированию населения и рассмотрению обращений
филиала по г.Астана НАО «ФСМС»
моб: +77778373344

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM