Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Теміртаудағы футзал жарысында төбелес болып, полиция қылмыстық іс қозғады

KAZAKBOL.COM

21 наурызда Теміртаудан өткен «Наурыз мейрамы-2022» футзал турнирінде «Имсталькон», «Ақ жол» және жанкүйерлер арасында жаппай төбелес болды.

22 наурыз кешкісін жергілікті полиция төбелескендердің бәрі анықталғанын, «Топ болып бұзақылық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Полиция бұл оқиғаны әлеуметтік желіде тараған видеолардан білген.

«Төбелескендерге сот-медициналық экспертиза белгіленді» деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Азаттыққа.

Матч Теміртаудағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өткен. Желіде тараған видеодан төбелестің бір ойыншы қарсыласын итеріп жібергеннен басталғанын байқауға болады. Осыдан соң екі команданың ойыншылары жаппай төбелесе бастайды, кадрда жанкүйерлердің де төбелеске араласқаны аңғарылады.

Желіде төбелесті бастағандарды жауапқа тартуды талап етіп жатқандар бар.

Полиция қазір жарыстың ұйымдастыру мәселесін де тексеріп жатыр, бірақ департамент турнирді кім ұйымдастырғанын айтпады. Ұйымдастырушылар жарыс жайлы полицияға алдын ала ескертпеген, төбелес болғанын да айтпаған. Әдетте мұндай жарыстар өтетін болса құқық қорғау органдарына ескертуі тиіс.

Қазақстан футбол федерациясына қарайтын Қазақстан футзал қауымдастығы да бұл жайт жайлы әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады.

«Топ болып бұзақылық» жасау бабы бойынша бес жыл бас бостандығын шектеу, 50 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл я қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM