Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тергеу соты «ақша бопсалады» деп күдікке ілінген журналист Махамбет Әбжанды екі айға қамады

KAZAKBOL.COM

5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты «аса ірі көлемде ақша бопсалады» деп күдікке ілінген журналист Махамбет Әбжанды екі айға қамау туралы санкция шығарды.

Сот оның адвокатының журналисті үй қамаққа шығару туралы арызын қанағаттандырмады. Бұл туралы Азаттыққа Әбжанның адвокаты Бауыржан Азанов мәлімдеді.

— Сот тек кешкі тоғызға таяу аяқталды. Оны үйқамаққа шығару туралы өтінішімізді қанағаттандырмады. Тергеу органы оны іске кедергі келтіруі, жасырынуы мүмкін деп санайды, — деді адвокат.

Махамбет Әбжанға қатысты тергеу соты 4 шілде болатыны айтылып, уақыты белгіленгенімен белгісіз себептермен өтпей қалған еді.

39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 3 шілде таңертең тұтқындаған. Агенттік ол бір кәсіпкерден 50 миллион теңге боспасалады деп хабарлаған. Әбжан қамауға алынардан екі күн бұрын телеграм каналында өзін қаралайтын жалған ақпараттар таралып жатқанын жазған еді.

Бұл — Махамбет Әбжанға қатысты қозғалған бірінші іс емес. Қаңтар оқиғасынан соң оны «көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты», «жеке өмірге қол сұқпау және дербес деректі қорғау заңын бұзды» деп айыптап, қылмыстық іс қозғалған. Кейін бұл істер тоқтатылған еді. Ол 2017 жылы «алаяқтық» бабымен да үш жарым жылға сотталған. Әбжан ҚазТАГ агенттігінде, Orda.kz, Ұлыс медиа сайттарында журналист болып жұмыс істеген. Оның Abzhannews деп аталатын телеграм каналы да бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM