Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

The Diplomat: Өзбекстан сауда жолын іздеп оңтүстікке бет бұрып жатыр

KAZAKBOL.COM

Наурыз айында үнді трейдері бірінші рет Пәкістан мен Ауғанстан арқылы Өзбекстанға тауар артты. Осылай деп The Diplomat басылымы жазды.

Басылым мәліметінше, жүкте негізінен Үндістанда өндірілген қант бар.

Жүк алдымен Үндістаннан пәкістандық Карачи портына, одан Ауғанстанға барған. Кейін Кабулдан Мазари-Шарифке, одан Өзбекстанның Термез қаласына жеткізілген.

Үндістаннан жеткізілген тауар Өзбекстанның Ресей мен Иран тауарларына тәуелділігін азайтуы мүмкін.

Өзбекстан үшін Ресей әлемдік нарықты басты әріптес болып келген. Бүгінгі күнде екі ел арасындағы тауар айналымы 7,5 млрд доллар. Өзбекстан – әлемдегі теңізге шығатын елдермен шекарасы жоқ екі елдің бірі. Сол себептен Өзбекстан ірі әлемдік нарықта тысқары қалып келеді.

Бірақ Шавкат Мирзияев билікке келгелі бұл мәселе шешілу жолында.

Соңғы уақытта ресми Ташкент оңтүстік көршілерге көбірек көңіл бөле бастады. Әсіресе Пәкістан теңізіне қол жеткізу маңызды. Биыл наурыз айында екі ел сауда байланысы жөнінде келісімге келген. Келісімге сәйкес, екі ел 34 тауардың түріне кеден салығын 20-дан 100 пайызға түсіреді.

Былтыр Өзбекстан мен Пәкістан транзиттік тауар жөнінде келіссөзге қол қойған. Тауар тасымалдауда екі елдің арасында Ауғанстан тұр.

Осыған дейін Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар темір жолын салу бойынша елдер өзара уағдаласқан. Қазір бұл жобаның жүзеге асуына Ауғанстан билігіне келген тәліптер кедергі келтіріп тұр.

Diplomat басылымы Өзбекстанның Пәкістан теңізіне шыға бастауына тағы басқа сыртқа факторлар себеп болды, Қазақстандағы қаңтар оқиғасы, Украинада жүріп жатқан соғыс Ташкентті алаңдатып отыр деп жазады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM