Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тілектер қабыл болады: Шаруа бір хабарламаның арқасында Меккеге аттанып кетті

KAZAKBOL.COM

Абдулла. Фото: muftyat.kz

Twitter-дегі бір хабарлама Ганалық қарапайым шаруаға Меккеге баруға мүмкіндік берді деп жазады muftyat.kz.

«Мұны біраз үлкен етіп жасағанда, ол мені Меккеге апара алар ма екен?». Бұл сұрақты аэротүсірілім үшін қолданылатын дронды көрген Гананың Абдулла есімді шаруасы түрік телевидениесінің журналисіне қойған екен.

TRT World телекомпаниясының журналистері ганалық шаруалар тіршілігін түсіру үшін Гана ауылдарының біріне келген болатын. Журналистің айтуынша, шаруалардың бірі дронға расымен де қызығушылық танытып, телекомпанияда Меккеге апарып келе алатындай үлкен дрон бар ма деп сұраған.

Абдулла. Фото: muftyat.kz

Журналист бұл жөнінде Twitter әлеуметтік желісіне жазған болатын, ал бұл хабарлама жария болған соң, күтпеген жағдай орын алады. Түркияның қарапайым адамдары мен кәсіпкерлері ганалық шаруаның арманын орындауға дайын екендерін білдіріп журналистке хабарласады.

Бұл мәселеге Түркияның Шетел істері министрлігі де қосылады. Нәтижесінде, Абдулла қазір Ыстамбұлда, Меккеге ұшқалы отыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM