Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқаев адам құқығы саласында басымдық берілетін шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда үкіметке адам құқығы саласында бірінші кезекте атқарылуы тиіс шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Арнайы жарлықтың мәтінін Ақорда сайты жариялады.

Жарлыққа сәйкес, жоспарда БҰҰ органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау, әйелдерге қатысты кемсітуді жоюды көздейтін шаралар болуы тиіс. Одан бөлек, жоспарға бірлесу еркіндігі, пікір білдіру құқығы, өмір сүру құқығы, қоғамдық тәртіп, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру, азаптау мен дөрекі қарым-қатынасты жоюға бағытталған шаралар енуі тиіс.

Президент үкіметті жыл сайын 25 қаңтарда осы жоспардың орындалуы туралы есеп беруді міндеттеді.

Кейінірек Тоқаев Twitter-дегі парақшасында «Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі» деп жазды.

Қазақстан адам құқығына байланысты жиі сыналады. Бірақ Нұр-Сұлтан көп жағдайда сынды қабылдамайды немесе реакция танытпайды. Биыл 11 ақпанда Еуропарламент басым көпшілік дауыспен «Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі» қарар қабылдаған. Қарарда елдегі азаматтық қоғам аясының тарылуын, адам құқықтарының бұзылуы, сайлаудағы әділетсіздік, түрмедегі азаптау, белсенділерді қудалау сияқты адам құқығын өрескел бұзу фактілері айтылған. Бұл қарарды жергілікті сарапшылар мен құқық қорғаушылар «кейінгі жылдардағы ең объективті құжат» деп атаса, билік «теріс ұстанымдағы саясаткерлер ұсынған» деп мәлімдеген.

Кей сарапшылардың пікірінше, резолюция қабылданғалы бері шамамен төрт ай уақыт өтсе де, Қазақстан билігі онда айтылған жайттарға қатысты ірі қадам жасамады. Елде «саяси тұтқындар» әлі қамауда отыр, жазалау мекемелерінде азаптау тыйылмады. «Саяси көзқарасын ашық айтқан» белсенділер қылмыстық қудалаудан көз ашпай отыр.

8 маусымда Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Буриан Нұр-Сұлтанда журналистермен кездесуде «адам құқығы тек қағазда, заңда көрініс тауып қана қоймай барлық ведомствода іс-жүзінде жүзеге асуы керек» деп мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM