Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқаев пен Путин жыл басынан бері телефон арқылы үш рет сөйлесті

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Президенттер екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективасын осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында талқылады.

Телефон арқылы әңгімелесу барысында көлік-транзит бағдарларын кеңейту және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Сондай-ақ екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

Бұл — екі ел президентінің жыл басынан бері үшінші рет сөйлесуі.

Бірінші рет 3 қаңтарда, Қаңтар оқиғасының бір жылдығы қарсаңында телефон арқылы сөйлесіп, екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамыта беретінін жеткізіп, мұнайгаз және энергетика саласында пікір алмасқан.

Екінші рет 20 қаңтарда сөйлесіп, «екі елдің стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелерін талқылаған».

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM