Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқаев: Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Кеңесіне сайланса, оған үлес қосуға тырысады

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясына видеоүндеу жолдады. Үндеу ұйым сайтында көрсетілді.

Тоқаев COVID-19 пандемиясымен күрес, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманиматрлық жағдай мәселелерін қозғады.

Президент Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасын әлем елдерімен бөлісуге әзір екенін айтты. Сонымен бірге, Тоқаев құрғақшылық мәселесін сөз етті.

— Осыған байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді. Келесі айдан бастап біз 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің энергия шығынын 50 пайызға азайтуға бағытталған 2050 жылға дейін көміртегі аз ұлттық стратегияны дамытуды бастаймыз, – деді Тоқаев.

Қазақстан президенті Ауғанстанда келіссөздер өткізу арқылы инклюзивті және сайланған жаңа үкімет құру жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің үндеуін құптайтынын айтты. «Қазақстан Ауғанстанның болашақта өз ішінде бірлігі жарасқан және көршілерімен тату тұратын тәуелсіз әрі егемен мемлекет болғанын қалайды», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы биыл маусымда Қазақстан үкіметі Адам құқығы саласындағы кезек күттірмейтін шаралар жоспарын бекіткенін, 2022-2024 жылдары БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамына ену үшін өз кандидатурасын ұсынғанын мәлімдеді.

— Сайланған жағдайда Қазақстан Кеңес жұмысына өз үлесін қосуға тырысады, – деді Президент.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Қазақстанды адам құқықтарын бұзды деп айыптап жүр. Сынаушылардың пікірінше, қазақ үкіметінің адам құқықтарына қатысты жариялаған реформаларының көзбояушылық сипаты басым.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM