Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқаев екібастұздықтарға өтемақыны мемлекет пен Клебанов бөліп төлеуі тиіс деп санайды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығының иесі, олигарх Александр Клебановтан жылусыз қалған қала тұрғындарына өтемақы төлеуді талап етті. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Тоқаев 12 желтоқсандағы үкімет отырысында сөйлеген сөзінде өтемақы ЖЭО иесі мен мемлекетке бөлінуі тиіс екенін айтты. Ол үкімет пен облыс әкімдеріне елдегі маңызды инфраструктура нысандарына сараптама жүргізуді тапсырды.

Бұған қоса, Тоқаев елдегі жылу электр орталықтарының иелігін мемлекет пен иесі арасында елу де елу бөліп, ЖЭО иелерінің есебінен күрделі жөндеу керегін айтты.

27 қарашаға қараған түні 150 мың тұрғыны бар Екібастұзда жылу электр орталығында ақау шығып, қала 30 градус аязда бірнеше күн жылусыз қалған еді.

Билік Екібастұзда төтенше жағдай жариялаған. Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен алынған. Облыс прокуратурасы ЖЭО-дағы апатқа байланысты міндетін дұрыс атқармады деген күдікпен тергеу бастады. Бұл бап бойынша бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Екібастұздағы бұл апар елдегі инфраструктуралардың ескіргенін, олардың жағдайының дұрыс бақыланбайтынын көрсетті. Апаттың ресми себебі «ЖЭО қызметкерінің қателігі» деп айтылды. Жемқорлыққа қарсы агенттік ЖЭО-дағы апатқа коррупцияны да атады. Ал ЖЭО иелері тарифтің төмен болуынан жылу орталықтарын жөндеуге ақша жетпейді дейді. Сарапшылар коммуналдық төлемдердің жұмсалуында ашықтық жоқ деп есептейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM