Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тоқаев елден 10 мың $ ақша және алтын құймаларын шығаруға тыйым салды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елден 10 мың доллардан аса қағаз ақша алып шығуға тыйым салды. Тоқаев қаулыға 14 наурызда қол қойды.

Бұған қоса, Тоқаев Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды елден әкетуге де шектеу қойды.

Қазақстан президенті бұл қаулысын «Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау және елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында» деп түсіндірді.

Ресей Украина соғыс ашып, Батыс елдері Мәскеуге санкция салған соң бұл Қазақстанға да әсер етіп, теңге құнсызданып кетті. Бірнеше күн ақша айырбастау пунктерінде доллар сатылмады. Қазір бір доллар 515 теңгеден сатылып жатыр. Елде доллар тапшылығы да сезіле бастағаны айтылған.

Бұдан бөлек, АҚШ Ресейге доллар купюраларын жеткізуге де тыйым салды. Сарапшылар Қазақстанға доллардың бір бөлігі Ресей арқылы келетіндіктен бұл Қазақстан нарығына да әсер етеді деген еді.

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Ломтадзе Қазақстанда доллар тапшылығы уақытша жағдай деп отыр.

«Ресейге салынған санкциялардың салдарынан долларды үйреншікті жолмен жеткізу қиындады. Ұлттық банк жеткізу ұйымдарымен долларды жақын күндері АҚШ-тан тікелей әкелу жағын қарастырып жатыр. Бұл уақытша тапшылық қағаз купюраларға қатысты. Доллармен қолма-қол емес төлемдерге шектеу жоқ» деп жазды ол.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM